Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады
Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі - ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың Instagramпарақшасындағы мәліметтерге қарағанда, жиында Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды.
«Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды»,-делінген хабарламада.
Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқаны айтылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или