Қазақстан U-19 құрамасы Словенияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстан U-19 құрамасы Словенияда өтетін халықаралық жарысқа қатысады
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтетін «Slovenia Nations Cup-2023» атты халықаралық турниріне қатысады.

Жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Португалия, Мексика, Исландия, Словения, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері құрамалары өнер көрсететін болады. Қазақстан құрамасы Португалия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері командаларымен кездеседі.

Оқу-жаттығу жиыны 2 қыркүйекте Талғарда басталады. Команданың аға бапкері Александр Кузнецов шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Мирас Рихард, Ильдар Меңдіғалиев (екеуі де – «Қайрат»), Әбілқайыр Әлиақбар («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Тимур Құрбанов («Жас Қыран»), Әлихан Исраилов, Асқар Бижан, Богдан Захарченко (барлығы – «Кайрат»), Рустам Жанхаев, Тагир Сәкенов (екеуі де – «Шахтер»), Дүйсенбек Досхан («Екібастұз»);

Жартылай қорғаушылар: Диас Өмірзақ («Академия 05»), Мұхаммед Еңсебаев («Елімай»), Олег Солтанов («Атырау»), Олжас Байбек, Глеб Валгушев (екеуі ед – «Қайрат»), Ілияс Әбіл («Ақсу»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жас Қыран»), Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе»), Валерий Вальмери («Марсет», Испания);

Шабуылшылар: Дінмұхамед Сайын, Бахтишат Абдуллаев (екеуі де – «Академия 05»), Артем Литош («Қайрат»), Тамерлан Агиманов («Ақсу»);

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев («Кайрат»), Димаш Серікұлы («Тараз»), Аслан Ғабиден («Каспий»), Ахметали Қалтанов («Астана»)

Тренерский штаб: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Арсен Іңкәрбеков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Владимир Горячий – бейнесарапшы, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Азамат Кенжеғұлов – менеджер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или