Су спортынан әлем чемпионатына қазақстандық төрт спортшы қатысады
Жапонияның Фукуока қаласында 14 шілдеде басталатын су спортынан әлем чемпионатында еліміздің атынан төрт спортшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, аталған спорт түрінен әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында былтыр 13-29 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын.
Коронавирус пандемиясына байланысты турнир биылғы жылдың шілдесіне ауыстырылған еді.
Әлемдік біріншілікке іріктеу арнайы біліктілік нормативтерін орындау арқылы жүргізілді.
Нәтижесінде еліміздің атынан дүбірлі додаға төрт жүзуші қатысуға мүмкіндік алды.
Ел құрамасы сапында Әділбек Мусин 50, 100 метр баттерфляй әдісімен, 100 метр еркін әдіспен жүзуден жарысса, Ксения Игнатова шалқалай жүзуде 50, 100, 200 метрде сайысқа түседі.
Ал Диана Тасжанова 800, 1500 метр еркін әдіспен, Аделаида Пчелинцева 50, 100 метров брасс әдісімен бақ сынайды.
Әлем чемпионатында су спорты бойынша медальдар суға секіру, көркем жүзу, су добы және ашық суда жүзу секілді төрт жарыста үлестіріледі.