Эфиопиялық спортшы 19 жыл сақталған әлем рекордын жаңартты

Эфиопиялық спортшы 19 жыл сақталған әлем рекордын жаңартты

2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, эфиопиялық спортшы Ламеха Гирма 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысында әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұма күні Гирма Парижде өткен «Гауһар лига» кезеңінде аталған қашықтықты 7 минут 52,11 секундта жүгіріп өтті. 

Ол 2004 жылы қыркүйекте катарлық Саиф Саид Шахин орнатқан (7:53,63) рекордты жаңартты.

22 жастағы Гирма әлем чемпионатында екі дүркін күміс жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или