«Сенің бетің дірілдеп тұр». Nomad Fighting файтері қарсыласының қорқынышын сезіп қойды. Видео

«Сенің бетің дірілдеп тұр». Nomad Fighting файтері қарсыласының қорқынышын сезіп қойды. Видео

Қазақстанның белгілі Nomad Fighting жұдырықтасу лигасы Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов пен Магомед «Солақай» Асадов қатысқан баспасөз мәслихатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Стердаун кезінде Бекембетов Асадовтың беті дірілдеп тұрғанын көрсетіп, мұны қорқынышпен түсіндіреді. Осыдан кейін файтерлердің әңгімесі кезінде тағы бірнеше қызықты эпизодтар орын алады.

Еске салайық, 10 маусымда Алматы Аренада кең ауқымды Nomad Fighting турнирі жоспарланған, оның хедлайндері танымал қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар, сондай-ақ Эмиль «Гладиатор» Новрузов болады.

Сондай-ақ, салтанатты кеш аясында жартылай орта салмақтағы Шерзод Абдужаппаров пен Темерұлан Шашубай арасындағы бірінші гран-при финалы өтіп, чемпиондық белбеу мен 5 000 000 теңге жүлденің иесі анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или