Нора Джеруто AIU комиссиясына халықаралық дәрігерлердің растап берген қорытындысы мен медициналық құжаттардың толық пакетін берген.
- Бұл тұжырымдар допинг немесе ЭПО инъекцияларын қолдану емес, өткен аурулардың салдарынан болған спортшының биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіреді. AIU комиссиясы мәселе толық анықталғанша және түпкілікті шешім қабылданғанша спортшы Нора Джерутоны кез келген жарыстарға немесе іс-шараларға қатысудан уақытша шеттетеді, - делінген <span>Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мәлімдесінде.</span>
Жеңіл атлетика федерациясы сонымен бірге Нора Джерутоның жүкті болғаны себепті биылғы күзге дейін жарыстарға қатысуды жоспарламағанын мәлімдеді.