Әкімдік «Ақтөбе» ФК қарызы туралы ресми мәлімдеме жасады

Әкімдік «Ақтөбе» ФК қарызы туралы ресми мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе» ФК қаржылық жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кейбір ақпарат беттерінде «Ақтөбе» ФК ойыншылары қаржылық жағдайға байланысты жаттығудан бас тартып жатыр деген мәлімдеме шықты.

«Ақтөбе» футбол клубы көрсетілген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Ойыншыларға еңбекақысы шартқа сәйкес алдағы аптада төленеді.

Бүгінде «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жаттығудан бас тартқан емес. Керісінше алдағы матчтарға тыңғылықты даярлық жасап, жеңіске жетуге бел буып отыр», - делінген әкімдік хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или