Динара Сәдуақасова: Қазақстандықтардың үмітін ақтау – үлкен жауапкершілік

Динара Сәдуақасова: Қазақстандықтардың үмітін ақтау – үлкен жауапкершілік

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова өзіне қолдау білдірген Мемлекет басшысына алғыс айтты.

«Мен үшін бұл - үлкен мәртебе. Осындай құттықтауларды, сондай-ақ жылы лебіздер мен тілектерді алғаныма өте риза болдым. Президентке қазақ спортшыларының ерен еңбегіне назар аударғаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Кімге болса да бұл үлкен ынталандыру мен мотивация береді. Оның үстіне, қазақстандықтардың үмітін ақтау, жаңа белестерді бағындыру – үлкен жауапкершілік», - деп жазды ол.

Сонымен қатар шахматшы спортшылардың жетістіктеріне назар аударудың өскелең ұрпаққа үлкен әсер ететінін айтты.

«Мұндай марапат жас шахматшыларға да әсер етеді. Менің шахмат академиямда мыңдаған түрлі ортадан шыққан балалар білім алып жүр. Қазірдің өзінде олар маған мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде хабарламалар жіберіп, менің осындай құттықтау алғаныма қаншалықты қуанышты екендерін жазып жатыр. Сондай-ақ жақын арада өздері де сол секілді үлкен жетістіктерге жететіндерін айтады. Дәл солай болатынына мен де сенімдімі. Көп рахмет» - деп атап өтті шахматшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или