«Істемеген жұмысым жоқ»: Әлем чемпионатында жүлде алған Алмас Өтешов спорттан шеттетілген соң қалай қиналғанын айтты
<span>Ауыр атлетикдан Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Алмас Өтешов Берен Live жобасына сұхбат беріп, допинг дауынан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>Айта кетелік, 2016 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг қолданғаны үшін Алмас Өтешовті төрт жылға спорттан шеттеткен болатын. </span>
<span>«Басқаларды қайдам, допинг дауы, сол қасірет менің өмірімді түгел өзгертті. Маған қатты соққы болды. Отбасыма зиян келді. Ұлттық құрамадан шығарып жіберді, жалақым тоқтады. Үйде үш баламды қарап отырған әйелім бар. Оларды асырау керек. Барлығы қиын болып кетті. Содан бері істемеген жұмысым қалмады. 2002 жылдан 2016 жылға дейін спорт залынан шыққан жоқпын, өміріміз түгел сонда өтті. Басқа өмірді көрмегенбіз. Темір көтеруден басқа ештеңені білмеймін. </span>
<span>Даңқым дүркіреп тұрған кезде жалақым жаман болған жоқ. Айлықты бірнеше жерден алатын едік. Федерация, облыстық спорт бөлімі, одан бөлек демеушілердің сыйақысы бар. Ең көп алған жалақым - 1 миллион 700 мың теңге болатын», - деді Алмас. </span>