Қазақстанның Дэвис кубогы турнирінің финалдық бөлігіндегі қарсыластары анықталды

Қазақстанның Дэвис кубогы турнирінің финалдық бөлігіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін Дэвис кубогының финалдық бөлігінің топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан теннис командасы D тобына түсіп, Глазгода Ұлыбританиямен, АҚШ және Нидерландымен ойнайды.

Сондай-ақ, топтық кезең матчтары Италиядағы Болонья, Германияның Гамбург, Испанияның Валенсия қалаларында 14-18 қыркүйек аралығында өтеді.

Болоньяда А тобында Италия, Хорватия, Аргентина және Швеция ойнайды. Валенсиядағы В тобы – Испания, Канада, Сербия және Оңтүстік Корея. Ал С тобында Гамбургте – Германия, Франция, Бельгия және Австралия бақ сынайды.

Дэвис кубогының топтық кезеңі алғаш рет төрт түрлі қалада өтеді, ал плей-оффты испаниялық Малага қабылдайды.

Төрт топтың екі үздік командасы плей-офф кезеңіне өтеді. Жеңімпаз 23-27 қараша аралығында анықталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или