Бейжің Олимпиадасы-2022: Қазақстан үшін жарыс қашан басталады?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға аттанған қазақстандық спортшылардан алғаш болып жарыс жолына могулшылар шығады. Фристайл-могулдан іріктеу жарыстары 3 ақпанда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Олимпиада оындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды.
Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама алған болатын.
Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі мынадай:
3 ақпан
Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу
Могул, ерлер. Бірінші іріктеу
5 ақпан
Могул, ерлер. Екінші іріктеу, финал
6 ақпан
Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, финал.