Токио-2020: Бекзад Нұрдәулетовтың қай күні рингке шығатыны анықталды
Жапонияның астанасы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарының басталуына екі-ақ күн қалды. Маңғыстаулық боксшы Бекзад Нұрдәулетов 81 кг салмақта ел намысын қорғайды. Бұл Бекзад Жалғасбайұлының алғашқы олимпиадаға қатысуы. Бұдан бұрын Әділбек Ниязымбетов екі рет олимпиадаға қатысса, Берік Әбдірахманов бір рет бақ сынады. Аты аталған боксшылардың үшеуі де ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Марат Жакиевтің шәкірттері.
Марат Жакиев Лондон және Рио олимпиадаларында Әділбек Ниязымбетовті аламан бәйгеге қосып, екі рет күміске қол жеткізді. Әттең, Риодағы шаршы алаңда Әділбек Ла Крузды жеңгендей болған еді. Маңғыстаулық ұланға олимпиаданың алтыны бұйырмай кетте барды. Өзінің спорттық карьерасын Әділбек пен Берік 2018 аяқтаған еді.
Бір жылдан кейін Бекзад Нұрдәулетов Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында жарқ етіп шықты. Сол жарыста алтын медальға ие болып, Қазақ елін қуантты. Одан кейін 2020 жылы Иорданияда өткен Азия/Мұхит елдерінің лицензиялық турнирінде топ жарып, жолдамаға ие болды.
Енді биыл Токиода өтетін олимпадада боксшы Бекзад Нұрдәулетов (81 кг) қатысатын жарыстардың кестесі жарияланды:
25 шілде - 1/16
28 шілде - 1/8
30 шілде - 1/4 ширек финал.
1 тамыз - 1/2 жартылай финал.
3 тамыз. 12:05 - финал.

Токио олимпиадасында 33 спорт түрінен, 339 медаль сарапқа салынады. Ал Қазақстан атынан 97 спортшы 27 спорт түрінен қатысады.
Айбек Мұханов