Жапония Олимпиада ұйымдастыру үшін қанша ақша жұмсады?
Жапонияның Токиодағы Олимпиада ойындарына жалпы шығыны 15,4 миллиард долларды құрады. Бұл жайлы Токио-2020 Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Тоширо Муто Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 138-сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілді. Байрақты бәсеке 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
«Жапония үкіметі мен Токио басшылығы ұйымдастырған Олимпиада ойындарының жалпы құны 15,4 миллиард долларды құрады», - деді Муто.
Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы турнир бюджеті жарыстың бір жыл кеш өтуіне байланысты қайта қаралғанын атап өтті. Олимпиадада қауіпсіз жағдай жасауға қосымша 900 миллион доллар жұмсалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или