Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды
Фристайл-могулдан Қазақстан қыздар құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтық сында Галышева 79.52 ұпай еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің көшбасшысы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді (82.11). Үздік үштікті ресейлік Анастасия Смирнова түйіндеді (79.41).
Тағы бір үздік спортшымыз Анастасия Городько алғашқы финалда жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, бұл Галышеваның әлем біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. Ккі жыл бұрын ол Парк Ситиде (АҚШ) әлем чемпионы болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или