Мәзімбаев Қоңқабевтың мансабы жайлы: Чемпиондық жекпе-жек те алыс емес
Өткен аптада Алматыда үлкен бокс кеші өтті, оның басты жекпе-жегінде Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) өзінің үшінші кәсіби жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBO Asia Pacific белбеуін беліне тақты.
Отандық спортшы ресейлік Сервер Эмурлаевтен (23-1, 8 КО) басым түсті. Қамшыбектің қарсыласы алтыншы раундтан кейін рингте шайқасудан бас тартты.
Prosports.kz белгілі қазақстандық боксшы, IBA тұжырымы бойынша кәсіпқойлар арасында әлемнің экс-чемпионы Марат Мәзімбаевпен бірге Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан боксының ең өзекті жаңалықтарын талқылауға шешім қабылдады.
- Марат Кенебайұлы, өткен аптада Қамшыбек Қоңқабаев өзінің үшінші кәсіби жекпе-жегін өткізіп, ресейлік Сервер Эмурлаевты жеңіп, WBO Asia Pacific pro титулына қол жеткізді. Бұл жетістігі боксшының деңгейі өте жоғары екенін аңғарта ма?
- Үшінші жекпе-жекте титул жеңіп алған жақсы көрсеткіш. Бұл команданың еңбегі, бірақ Қоңқабаев тәжірибелі боксшы, сондықтан оған әлсіз қарсыластар таңдауға негіз жоқ. Кәсіби мансабы жақсы басталды. Егер бәрі осылай жалғаса берсе, жақын арада Қамшыбек әлем чемпионы атағына таласуы да бек мүмкін.
- Яғни, Олимпиададан кейін Қоңқабаев түбегейлі кәсіпқой боксқа кете ме?
- Неге кетпеске? Нәтиже тамаша. Тек осы бағытта мансабын жалғастырса алар асуы әлі алда.
- Қазақстандық Али Балоев (10-0, 7 КО) Алматыда ресейлік Денис Царюкпен (12-4, 10 КО) жұдырықтасуы керек еді. Бұл Алиге кері әсерін тигізбей ме және мұндай жайт сіздің кәсіби мансабыңызда болған ба еді?
- Бір жекпе-жекті ғана ойлап, соған тыңғылықты дайындалып жүріп, уақыты жақындағанда оның өтпейтінін есту, әрине ауыр. Менде ондай жағдай болған, сондықтан Алидің қазіргі ішкі сезімін жақсы түсінемін. Жақын арада жекпе-жек ұйымдастыру керек. Дайындығын рингте паш ету - боксшы үшін маңызды.
- МТКҚазақстан промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырғаннан кейін, Балоев рингке жылына кемі бір рет шығады. Бірақ боксшының жоғары әлеуеті жылына бір емес, бірнеше жекпе-жекте жұдырықтасуға келетін секілді. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?
- Али - жойқын соққыға ие боксшы. Жылына бір жекпе-жек ол үшін өте аз. Әрине, оның рингке жиі шығуы құптарлық, бірақ мен оның командасының ішкі жұмысын білмеймін. Мүмкін Алиге қарсылас табу қиын шығар, біреу бас тартады, енді біреуімен келісу қиын дегендей. Мықты боксшылармен жұдырықтасатын кезге жетті деп ойлаймын. Шеберлігі шыңдалған.
- Осы аптада қазақстандық Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) Пуэрто-Рикода Мигель Котта командасындағы мықты боксшылардың бірі Даниэлито Зориямен (14-0, 11 КО) жекпе-жек өткізеді. Отандық боксшы командасының мұндай қадамы тым қауіпті болып көрінбей ме?
- Промоутерлер Русланды тексергісі келетін шығар. Кәсіпқой боксшының әрбір жекпе-жегі қауіпті, мансабы тәуекелге толы. Мәдиев міндетті түрде жеңіске жетуі керек. Сонда үлкен мүмкіндіктерге жол ашыларды.
- Жақында Сауль Альварес түрік Авни Йылдырымды жеңіп, 8 мамырда Билли Джо Сондерске қарсы төбелеске дайындалып жатыр. Геннадий Головкин жайлы не айтасыз? Оның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні де белгісіз.
- Головкиннің мақсаты - тағы бір рет Альвареспен рингке шықса. Бірақ мексикалық боксшы Генаны қарсылас ретінде көрмейтін секілді. Оның мақсаты басқа. Екінші орта салмақта барлық белбеуге қол жеткізсем дейді. Альварес Головкинге жекпе-жек керек болса, екінші орта салмақта төбелесейік деген талап қойды.
- Головкин бұған келісе ме?
- Күмәнім бар. Жасы келді.
- GGG-ге трилогия керек деп ойлайсыз ба?
- Менің ойымша, Гена «Канело» жайлы ойлауды доғару керек есептеймін. Головкин бұл туралы ойланатыны анық, бірақ тезірек шешім қабылдау керек.