Жәнібек Әлімханұлы: Америкаға титул жеңіп алу үшін келдім
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) тек жеңіске жетіп қана қоймай, титул жеңіп алғысы келетінін мәлімдеді.
- Чемпиондармен жұдырықтасқым келеді. Америкаға рекордыма сан қосу үшін келген жоқпын. Мен мұнда титул жеңіп алуға келдім, - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.
Айта кетейік, 27 жастағы боксшының келесі жекпе-жегі 9 қазанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или