Артем Резников: 19 қыркүйекке де аз қалды
Қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Юсуф Раисов арасындағы жекпе-жек қыркүйек айында АСА 111 турнирі аясында өтетін болды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Артем Резников Instagram-парақшасына алдағы жекпе-жегінің промо-ролигін жүктеп, «19 қыркүйекке де аз қалды. Жігерім тасып тұр» деп жазды.
Бұған дейін жекпе-жек 5 қыркүйек күні АСА 110 турнирінде өтуі қажет еді. Алайда енді Резников – Раисов жекпе-жегі 19 қыркүйек күні Мәскеуде өтетін болды.
Кештің басты жекпе-жегінде Марат Балаев пен Магомедрасул Хасбулаев жұдырықтасады. Спортшылар АСА тұжырымының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы белбеуіне таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или