Боранбек Қоңыратов Алматы облысының жас балуандарын дайындап жатыр

Боранбек Қоңыратов Алматы облысының жас балуандарын дайындап жатыр

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлерін  дайындаған Боранбек Қоңыратов қазір Алматы облысының жас балуандарын баптайды. Білікті бапкер Жетісу өңірінде 20 шәкіртімен оқу жаттығу жиынын бастады. Дайындық карантин ережелерінің барлық талаптарына сай өтуде,  prosport.kz тілшісі. 

Жаттығу кезеңі Текелі қаласы маңындағы тауда өтіп жатыр. Бұл аймақ Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан 36 шақырым қашықтықтағы теңіз деңгейінен 1200м биіктікте орналасқан. Балуандардың мұнда келуі де тегін емес.  

Боранбек Қоңыратов

Боранбек Қоңыратов

КСРО кезінде Қазақстанда В.А.Псарев деген жаттырушы болған. Ол көптеген әлем чемпиондарын Олимпиада жеңімпаздарын дайындады. Мәселен Рязанцов, Быков, Назаренко, Шәміл Серіков, Жақысылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановтар содан тәлім алды.  Сол кісінің тәжірибесін ұстанам.  Ол тауда жаттығудың спортшы үшін өте тиімді екенін дәлелдеді.  Осы себепті бізде тауды елді-мекенге келіп, дайынадудамыз  - дейді.



ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ БОРАНБЕК ҚОҢЫРАТОВ

 

Жаттығу уақыты 1сағ.30 мин. күніне 3 рет өтеді. Балуандар осы аралықта қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіреді.Содансоң бұлшық етті күшейтетін жалпы дене дайындығына жұмыс істейді. Б. Қоңыратовтың шәкірттері арасында әлем және Азия біріншілігінің жеңімпаздары бар. Қазіргі күні олар спорттық бабына келіп қалған.

Олжас Сұлтан

Олжас Сұлтан

Менің мақсатым Қазақстан чемпионатында топ жару. Қазақстан құрама командасының көшбасшы балуаны болу. Ол үшін мен тынымсыз дайындалып жатырмын. Қазір 63 кг салмақта күресем. Оны ауыстыру ойымда жоқ. Боранбек ағайдан түрлі әдіс - тәсілдерді үйреніп жатырмын. Әрбір қарсыласқа дұрыс тактмка құра білу маңызды екендігін  жете түсіндік- дейді,  



Олжас Сұлтан грек-рим күресінен спорт шебері

 

Биыл балуандар күзде Алматыда өтетін халықаралық турнир мен Тараз қаласында жалауын желбірететін ҚР біріншілігіне қатысуды жоспарлап отыр. Әрине, індет сейіліп, бұл жарыстар уақытында ұйымдастырылатын болса, командалық есепте жүлдегер атану көзделген.

Ербол Камалиев

Ербол Камалиев

Қазір 55 кг салмақта күресемін. Қазір Боранбек ағайдың қармағында  жаттығып жүрмін. Оның күрес стилі мен сабағы өзгеше.Оның маған дейінгі оқушылары Әлем, Азия чемпионаты Азия ойындарында жүлдегер болды.Бізде жеңісті жолды жалғастыру үшін ұстазымыздың әрбір айтқан ақылын қалт жібермеуге тырысамыз -дейді, 


 
Ербол Камалиев грек-рим күресінен спорт шебері

Айта кетейік, Боранбек Қоңыратов өмірінің көп жылын еліміздегі грек-рим күресінің дамуына арнады. 1979-1992ші жылдар арасында балуан болып, Қазақстанның  бірінеше мәрте  чемпионы атанды. КСРО  кубогі үшін өткен жарыста  3 орын алды. КСРО Кәсіподақ ұйымының чемпионы, КСРО қарулы күштерінің күміс жүлдегері болды. Кейін келе бапкерлікке ауысты.   Осы кезде әлем біріншігінінің күміс жүлдегерлері, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері    Алмат Кебесбаев пен Демеу Жадыраевтің жеке бапкері атанды.  Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Дархан Баяхметовпен Ербол Қоңыратовты да дайындап шығарды

 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или