Эдди Хирн Головкин мен «Канелоның» қашан және қай жерде жұдырықтасатынын айтты
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегі қашан және қай жерде өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Головкин - Шеремета жекпе-жегін тамыз айында, «Канело» - Cондерс кездесуін қыркүйек айында, ал жеңімпаздардың айқасын желтоқсанда тамашалағым келеді. Бұл DAZN күнтізбесіндегі бізге керекті жекпе-жек екені даусыз.
Маған құлақ салыңыздаршы, «Канело» мен «Саундерс» жекпе-жегі - керемет төбелес. Головкин Шереметамен кездесудің фавориты. Ал желтоқсанда GGG мен Канело арасындағы жекпе-жекті көре аламыз, мен мұны DAZN қызеткерлеріне айтып тұрмын.
Головкиннің Шереметамен кездесуге міндетті және келісімшарты да бар. Ол мұны тамыз айында іске асырады. «Канело» қыркүйек айында Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін. Біз бұл жекпе-жекке еш қиындықсыз келісетін боламыз. Содан кейін олар желтоқсан айында бір-бірімен кездесуі мүмкін. Олкезде жанкүйерлер Лас-Вегастағы ареналарға кіре алады деп үміттенемін», - деді Хирн Sports Illustrated тілшісі Крис Мэнникспен сұхбатында.