«Шахтер» әлем чемпионатының жеңімпазын қатарға қосты

«Шахтер» әлем чемпионатының жеңімпазын қатарға қосты

Нигериялық қорғаушы Алию Абубакар мен ивуарлық шабуылшы Седрик Куаджа қарағандылық «Шахтер» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы олардың агенті Дмитрий Селюк хабарлады.

Айта кетейік, Абубакардың соңғы клубы украиндық «Олимпик» болса, Куаджа соңғы рет Беларусь клубы «Слуцк» сапында доп тепкен.

Тағы бір айта кетерлігі, Абубакар 2013 жылы Нигерия құрамасы (17 жасқа дейінгі) қатарында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или