Вальверде «Барселонадан» қуылды. Клуб жаңа бас бапкерді таныстырды
«Барселона» футбол клбуы бас бапкер Эрнесто Вальвердемен келісімшарттың мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялық клубтың баспасөз қызметі тараптар келісе отырып, келісімшарттың күшін жоюға шешім қабылдағанын жазды.
Вальверде «Барселона» тізгінін 2017 жылы мамырда ұстаған. Әрі 2019 жылы келісімшарт мерзімін тағы бір жыл ұзартқан еді. Бірақ команданың соңғы уақыттағы ойын мәнері клуб басшыларының сабырын сарқыған көрінеді. Әсіресе Испания Суперкубогында «Атлетикодан» жеңіліп қалуы (2:3), Вальверденің қызметінен қуылуына тікелей әсер етті.
Айта кетейік, Вальверде «Барселонамен» 108 кездесуде жеңіске жетіп, 35 рет тең түскен және 20 рет жеңілген. Ол жетекшілік еткен тұста «Барселона» Испания чемпионатын (2017/18, 18/19), Испания Кубогын (2017/18) және Суперкубокты (2018) жеңіп алды.
Каталониялық клуб сонымен қатар жаңа бапкердің де есімін атады. «Барселона» бас бапкері қызметіне енді тағы бір испаниялық маман Кике Сетьен кіріседі. Бұл бапкермен келісімшарт 2022 жылдың жазына дейін жасалды. 61 жастағы маман бұған дейін «Бетис» командасын жаттықтырған болатын.
Agreement between FC Barcelona and Ernesto Valverde to end his contract as manager of the first team. Thank you for everything, Ernesto. Best of luck in the future. pic.twitter.com/zrIgB1sW2e
— FC Barcelona (@FCBarcelona) January 13, 2020
Quique Setién will be the new manager of FC Barcelona. Welcome!
— FC Barcelona (@FCBarcelona) January 13, 2020
INFO https://t.co/EOP9MSFFJ1 pic.twitter.com/IkhzFGyxHf