Қуат Хамитов: Мені шеттеткені жаныма батты

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Bahriddin Jalolov Official YouTube каналына берген сұхбатында Алматыдағы өтпей қалған жекпе-жегінің қыр-сырын ашты, деп хабарлайды Proports.kz.
- GFC-пен болған оқиға мен үшін ауыр. Жаныма батты. Басында Сочиде төбелесуім керек еді, екі аптадан кейін олар қарсылты ауыстырды, мен келісім бердім. Ччемпиондық белбеу үшін Краснодарда Нурулломен жұдырықтасуым керек болатын. Жекпе-жектен екі апта бұрын президент маған қоңырау шалып, Алматыда жекпе-жек кешін өткіземіз. Мен басты кездесуде төбелесетін болдым. Мен екі апта күте аламын деп шештім. Ол кезде нағыз бабымда едім. Жаттығуға зауқым соққан жоқ. Алматыда турнир өтсе мен жергілікті жігіттерге көмегім тиеді деп ойлаймын. Себебі, ұйым жергілікті жанкүйерлерді жинау үшін сол жердің спортшыларын қатыстырады. Бір апта қалғанда мені себептен-себепсіз, ешкім түсіндірместен турнирге қатыспайтынымды айтты», - деді Хамитов.
Еске салайық, Хамитов 25 желтоқсанда Алматыда тәжік спортшысы Нурулло Алиевпен төбелесуі керек еді.