«Астана» Владимир Вайсспен келіссөздерді бастады

«Астана» Владимир Вайсспен келіссөздерді бастады

Prosports.kz порталына белгілі болғандай, «Астана» ФК Владимир Вейсске команданы жаттықтыру жайлы ұсыныс жасады.

«Астана» клубы команданың қазіргі таңдағы бас бапкері Роман Григорчукпен қоштасуы мүмкін. Елордалықтар атақты словак маманы Владимир Вайссты клубқа шақыруға ниетті.

Вайсқа Қазақстан чемпионаты жат емес. Ол уақытында алматылық «Қайратты» тізгіндеп, екі рет Қазақстан Кубогын жеңіп, екі мәрте чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Алайда, Вайссты Қазақстанға қайтару жоспарына Грузия құрамасымен арадағы келісімшарт кедергі болуы мүмкін. Грузиндер білікті бапкерді ешқайда жібергісі жоқ. Наурызда олар Ұлттар Лигасының плей-офф ойындарын өткізеді, және команда жеңімпаз атанса, 2020 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Алайда, егер «Астана» Вайсске жоғарғы жалақы ұсынып, Грузия федерациясына қомақты қаржы төлеп, словакиялықтың келісімшартын сатып алатын болса, Владимир Вайсс Қазақстанға екінші мәрте келуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или