ЧЛ.Плей-офф бәсекесінің жұптары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/8 финал жұптарын анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Рrosports.kz
Чемпиондар лигасының 2019-2020 жылғы маусымының 1/8 финалында өнер көрсететін барлық жұптары белгілі болды.
«Боруссия Дортмунд» - «ПСЖ»
"Реал Мадрид" - "Манчестер Сити"
«Аталанта» - «Валенсия»
«Атлетико» - Ливерпуль»
«Челси» - «Бавария»
«Лион» - «Ювентус»
«Тоттенхэм» - «РБ Лейпциг»
«Наполи» - «Барселона»
1/8 финалдың алғашқы матчтары 2020 жылды 18,19 және 25,26 ақпан күндері өтеді. Ал қарымта кездесулер 10,11 және 17,18 наурыз күндері өтетін болады.
Чемпиондар лигасының ережесі бойынша 1/8 финалда бір елдің өкілдері және бір топта өнер көрсеткен командалар кездесе алмайды.
Естеріңізге салатын болсақ 2020 жылғы финалдық кездесу Стамбул қаласында өтеді.