Cуда жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 алтын алды

Cуда жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 алтын алды

Беларусь астанасында екі дүркін олимпиада чемпионы Сергей Копляков атындағы суда жүзуден халықаралық турнир басталды.

Сайысқа Беларусь, Ресей, Польша, Германия және Қазақстан елдерінен 720<br />спортшы қатысты.

Турнирдің алғашқы күні-ақ еліміздің атынан шығып отырған жүзгіштер 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иемденді.

Қорлан Әмірханова (50 метрге еркін әдіспен жүзу), София Әбубәкірова (200 метрге брасс әдісімен жүзу), Айбек Қамзенов (200 метрге брасс әдісімен жүзу) және Ксения Игнатовалар (400 метрге еркін әдіспен жүзу) алтын жүлдегер атанды.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Алина Костенко мен Диана Тасмановалар тиісінше екінші және үшінші орын иеленді.

50 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев күміс жүлде иеленсе, Қаракөз Диниэль қолаға қол жеткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или