«Барселона» – «Славия» кездесуі жоғары тәуекел матчы санатына жатқызылды

«Барселона» – «Славия» кездесуі жоғары тәуекел матчы санатына жатқызылды

Чемпиондар лигасының 4-турындағы «Барселона» мен прагалық «Славия»  <span>арасындағы кездесу  жоғары тәуекел санатындағы матчтар қатарына жатқызылды, деп жазады </span>Prosports.kz.

AS басылымының хабарлауынша, бұл шешімді зорлық, расизм, ксенофобия және төзбеушілік жөніндегі үкіметтік комиссия қабылдаған. Басылым бұл шешімнің себебін айтпай отыр, алайда аталмыш шешім  Каталонияның 9 көшбасшысын Жоғарғы испаниялық сот 9 жылдан 13 жылға соттау жөнінде үкім шығарғаннан кейінгі Барселонадағы жаппай қарсылықтарға байланысты екені белгілі.

Айта кетелік, «Барселона» – «Славия» матчы 5 қараша күні Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или