Қазақ баласы Қытай құрамасына шақырту алды
2019 жылы 8 тамыз күні Қытай футбол федерациясы 20 жасқа дейінгі жастар құрамасына (U20) шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
24 ойыншыдан құралған тізімде бір есім біздің көзімізге оттай басылды. Елжан Шынарұлы есімді қазақ баласы Қытай жастар құрамасына шақырту алған екен.
20 жастағы ойыншы Қытай Суперлигасында бақ сынайтын «Шэньчжэнь» командасында доп теуіп жүр. Алаңдағы орны қапталдағы қорғаушы.
Елжан Шынарұлы - 1999 жылы 6 маусым күні Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап Қытайдың Гуандун өлкесінде аладоптың қыр-сырын меңгерген.
2018 жылы алғаш рет «Шэньчжэнь» футбол клубының U19 командасында өнер көрсетіп, бір маусымда 3 гол соғып, 4 голдық пас берген.
Елжан Шынарұлы
2019 жылдың алғашқы жартысында «Шэньчжэнь» клубының жастар командасында доп тепті. Ал маусымның екінші жартысынан бастап клубтың негізгі құрамына алынды.
Қытай Суперлигасындағы алғашқы ойынын 7 шілде күні «Хэбэй Илиньшаньчжуан» (1:1) командасына қарсы өткізді. Алаңда 90 минут өнер көрсеткен Елжан осылайша Қытайдың ең жоғарғы лигасында алаңға шыққан алғашқы қазақ ойыншысы атанды.
7 шілде алғаш рет алаңға шыққан Шынарұлы содан бері алты ойын қатарынан негізгі құрамда өнер көрсетіп келеді. 42-ші номерлі жейдеде доп тебетін қандасымыз қорғаныс шебінің қос қапталында да ойнай алады.
Қытай Суперлигасында өткізген алты ойыннан кейін сол елдің жастар құрамасына шақырту алып отыр. Қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Жерар Гоудың өзі Қытайдың Бірінші лигасында ғана ойнап жүргенінін ескерсек, Елжанның Суперлигада өнер көрсетуі тәп-тәуір нәтиже саналады. Cөз соңында қандасымыздың алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
Бір қызығы Елжан Шынарұлы Қытай Суперлигасында алаңға шыққан алғашқы қазақ атанғаннан кейін, араға тура он күн салып тағы бір қазақ баласы Ержет Ерзатұлы Қытай чемпионатында бой көрсетті. Одан да қызығы, қос қазақ алаңда қарсылас атанды. Басқаша айтқанда, Қытай алаңындағы "қазақ дербиі" орын алды.
Ержет Ерзатұлы
17 шілде күні өткен «Шеньчжэнь» - «Чунцин Лифан» (0:2) матчында Елжан мен Ержет жасыл алаңда жолықты. Елжан қорғаушы, Ержет қақпашы. Бұл ойында Ерзаттың командасы жеңіске жетті. Ол өз қақпасына гол өткізген жоқ.

Ержеттің сейві