Головкин IBF белбеуін қайтарып алуы мүмкін
Америкалық сарапшы Майк Коппинджер мексикалық боксшы Сауль Авльварестің орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Сарапшының сөзінше, егер «Канело» украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартса, IBF оны белбеуінен айырады.
Альварес украиналыққа қарсы жекпе-жекке мүлде қызығушылық танытып отырған жоқ. Оның бар ойы - қыркүйекте ресейлік Сергей Ковалевпен кездесу.
Ал Sports Illustrated репортері Крис Мэнникстің айтуынша, «Канелоның» мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясы Ковалевқа төленетін сыйақының мөлшерін көтеруге дайын.
Егер «Канело» Деревянченкомен кездесуден бас тартса, оның IBF белдігі босап қалмақ. Онда бұл атақ үшін Деревянченко мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізеді.
Естеріңізде болса, 2018 жылы Головкин міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездеспегені үшін IBF белбеуінен айырылған болатын.
GGG was ordered to fight Derevyanchenko in Spring 2018 after Canelo was pulled from trematch following positive test. Golovkin was then ordered to fight Sergey, but elected to face Martiroysan instead. GGG was stripped of IBF title; Sergey lost to Jacobs in bout for vacant belt https://t.co/2ZYxVMNvfg
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) July 9, 2019