Борьба

Дзюдо. Сейдуалы Еуропа кубогында қола медаль жеңіп алды

Дзюдо. Сейдуалы Еуропа кубогында қола медаль жеңіп алды

Австралиялық Лайбницте дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезекті кезеңі өтіп жатыр. Бірінші жарыс күні жігіттер арасында 55, 60, 66 және 73 келіге дейін салмақта, қыздар арасында  63, 70, 78 келіге дейін және 78-тен жоғары салмақтар сарапқа салынды.

55 келіге дейін салмақта қазақстандық Асылжан Сейдуалы қола медаль жеңіп алды. Асылжан финалда ресейлік Магомед Соломгериевті иппон тәсілі бойынша тізерлетті. Қазақстанның тағы екі өкілі Табиғат Мағауияұлы (73 келіге дейін) мен Руза Духтурбаева (қыздар, 78 келіден жоғары) қолаға қол тигізім жерде жеңіліп қалды. Табиғат ресейлік Урусхан-Бек Балаевқа иппон бойынша жол берді, ал Духтурбаева да ресейлік Юлия Ляниченкоға қарсы юко дәрежесінде бағаланған тәсілді өткізіп алды.

Сондай-ақ, татамиге 31 мамырда Дидар Тәттібай (55 келіге дейін), Мейірлан Баймағанбетов пен Шынболат Хасанов ( екеуі де 60 келіге дейін). Қанат  Жұлдызаққанов пен Ерасыл Сәкенұлы (66 келіге дейін), Нұрлыхан Сүйінбай (73 келіге дейін) шықты.

Бірінші жарыс күніндегі жүлделер төмендегідей:

Жігіттер

55 келіге дейін

1. Садих Махаррамов (Әзірбайжан)

2. Рой Коффийберг (Нидерланды)

3. Асылжан Сейдуалы (Қазақстан)

3. Гамзат Заирбеков (Ресей)


 

60 келіге дейін

1. Мехман Садигов (Әзірбайжан)

2. Давуд Маммадов (Әзірбайжан)

3. Артем Фалькивский (Украина)

3. Сахават Гаджиев (Ресей)


 

66 келіге дейін

1. Егор Мгдсян (Ресей)

2. Рашад Руфуллаев (Әзірбайжан)

3. Мартин Зетц (Германия)

3. Сухров Турсунов (Өзбекстан)


 

73 келіге дейін

1. Хусейн Рахимли (Әзірбайжан)

2. Линкольн Невес (Бразилия)

3. Урусхан-Бек Балаев (Ресей)

3. Афиг Сафарли (Әзірбайжан)

5. Табигат Магауияулы (Қазақстан)


 

Қыздар

63 келіге дейін

1. Магдалена Крссакова (Австрия)

2. Сабина Герчак (Венгрия)

3. Любяна Пиовесана (Ұлыбритания)

3. Кэти-Джемайма Йейтс-Браун (Ұлыбритания)


 

70 келіге дейін

1. Мари-Эв Гаи (Франция)

2. Мелисса Элен (Франция)

3. Эвелин Берндсен (Нидерланды)

3. Патриция Бролих (Словения)


 

78 келіге дейін

1. Анна-Мария Вагнер (Германия)

2. Антонина Шмелева (Ресей)

3. Ларисса Грунволд (Нидерланды)

3. Ясмин Лестерхойс (Нидерланды)


 

78 келіден жоғары

1. Камила Ногуэйра (Бразилия)

2. Мишель Гошин (Германия)

3. Юлия Ляниченко (Ресей)

3. Милица Забич (Сербия)

5. Руза Духтурбаева (Қазақстан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
;