Англияда доп тепкен футболшы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін
Болгария құрамасының ойыншысы әрі ЦСКА-ның капитаны Николай Бодуров мансабын Қазақстан біріншілігінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>32 жастағы қорғаушы маусым соңына дейін жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Алайда </span>«Меридиан мач» басылымының мәліметінше, <span>Николай Бодуров алдағы ойындарға қатыспауының басты себебі - қазақстандық клубтан ұсыныс алуы. Осы себепті Николай Бодуров осы жазда аяқталатын келісімшартының мерзімін ұзартпай отыр. </span>
<span>Болгар басылымының мәліметінше, Николай Бодуров мансабын шымкенттік «Ордабасы» клубында жалғастыруы мүмкін. Тіпті, қос тарап келісімге келіп қойған деген ақпарат бар.</span>
<span>Николай Бодуров орталық қорғаушы қызметін атқарады. Тәжірибелі футболшы англиялық «Фулхэм» және даниялық «Мидтьюлланн» командаларында ойнаған. Болгария құрамасының сапында 60 матчқа алаңға шыққан. </span>