Дмитрий Огай: Жылдам гол жоспардың бәрін құртты
«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай «Шахтерға»(0:2) қарсы матч жайлы өз ойын айтты.
-Үшінші минутта гол өткізсең, әрине, ойынға құрған жоспарының бәрі құриды. Екінші таймда бір футболшыға кем қалдық. Әбден қиын жағдайға түстік. Мойындау керек, қарсылас жеңіске лайықты болды. Гол соғып алған соң, қарымта шабуылда ойнауға зор мүмкіндік алды. Бізден бір ойыншы қуылған соң, оларға тіпті оңай болды. Біз үшін бәрі кеш еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или