Ресейлік экс-чемпион АҚШ-та әйелге шабуыл жасады

Ресейлік экс-чемпион АҚШ-та әйелге шабуыл жасады

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев АҚШ-та әйел адамға шабуыл жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Prosports.kz TMZ порталына сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылдың 9 маусымында Калифорниядағы Биг-Бэр қаласында болған.

Ковалев сауық кешінде әйел адамға қырындаған. Әйел боксшының бұл әрекетін ұнатпаған.

Кейіннен ресейлік досымен бірге әйелдің артынан оның үйіне барған. Осылайша, әлгі оқиға орын алған.

Жәбірленушінің айтуына қарағанда, Ковалевтің соққысынан кейін оның мұрны сынған, миы шайқалған және желке омыртқасы орнынан қозғалып кеткен. 

Ресейлік спортшы сотта жауап беріп, айыбын мойындамаған. 2 наурызда екінші сот отырысы өтеді. 

Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес (24-0, 12 КО) арасында 2 ақпанға реванш белгіленген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или