«Алаш Прайд» турнирі өтті
28 шілдеде Қапшағай қаласындағы Royal Plaza ойынханасында «Алаш Прайдтың» халықаралық турнирі өткен.

56,7 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста тәжікстандық Хуршед Назаров (2-0) қазақстандық Бақтияр Мұхамедияровты (тұсаукесер кездесу) жеңді.
70,3 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Мақсат Өміртаев (2-0) ресейлік Шәміл Әлиевті (3-1) бірінші раундта ұтты. Артынша Диар Нұрқожаев, Уайс Тілегенов өз қарсыластарын тізерлеткен. Бірақ қырғызстандық Құштарбек Әмірбекұлы мен қазақстандық Асқат Әкімов арасындағы бәсекеде тең есеп тіркелді. 6 жекпе-жекте өзбекстандық Мақсатжон Юсупов (6-2) қазақстандық Талғат Қалмұратовты төрешілер шешімі бойынша ұтты. Темірлан Айсәділов қырғызстандық Әкімжан Бектемірұлын бірінші раундта нокаутқа жіберген. 61,2 келі салмақ дәрежесінде Таксим Забитов (3-0) тәжістандық Холбой Эмомалиді үшінші раундта «қылқындыру» әдісімен ұтты. Моңғолиялық Сэр-од Билгүүн (3-0) екінші раундта бәсекені жалғастырудан бас тартқаны үшін жеңіс қазақстандық Бекзат Әлмаханның еншісіне жазылды.
10 жекпе-жек. 77,1 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның қос спортшысы – Дмитрий Кудинов (3-1) пен Сағындық Мұқанов (3-1-1) арасындағы айқас төрешілердің шешімі бойынша алғашқысының пайдасына шешілді. 65,8 келі салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Дәулет Отарбаев (тұсаукесер кездесу) моңғолиялық Наранцэцэга Цацралды (3-0) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
81 келі салмақ дәрежесінде К-1 нұсқасы бойынша өткен айқаста қазақстандық Ғалымжан Қанаев (5-1) тәжікстандық Олим Хаитбекті (6-1) бірінші раундта нокаутқа түсірген. Осы айқын жеңісінің арқасында Ғалымжан бауырымыз Alash Pride K-1 нұсқасының чемпиондық атағын иеленді.
+93 салмақ дәрежесінде өткен айқаста қазақстандық Евгений Егембердиев (7-1) өзбекстандық Мұратбек Әзімовты (1-0) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, Alash Pride ұйымының чемпиондық алтын белбеуін иеленді.