ШҚО-да спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына іріктеу өтті

ШҚО-да спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына іріктеу өтті

Облыс орталығында 2004-2007 ж.т. жасөспірімдер және қыздар арасында жыл сайынғы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына» іріктеу өтті.

Алты минут уақытқа жүгіру, толтырылған допты лақтыру, орнында тұрып ұзындыққа секіру, қос қолмен орнынан секіру, жалғыз қолмен жылдамдыққа жүгіру, пресс, бір аяқта тұру, көзді жұмып тоғыз метр жүру, сетка түбінде айналып секіру сынды тәртіптер бойынша іріктеуді «Алтай» волейбол клубы жүргізді. Спорттық шараға қатысуға 60-тан астам үміткер келді.

Мұнда Өскемен, Риддер қалаларынан бөлек, Шемонаиха, Жарма, Глубокое, Көкпекті, Күршім аудандарының өкілдері өз қабілеттерін байқады. Аталмыш шараның мақсаты – соңғы уақыттары ШҚО-да қарқын алып келе жатқан воллейбол спортын кеңінен насихаттау және Шығыс Қазақстан мектеперінің кәсіби спортшыларын даярлау болып табылды.

 – Волейбол спортына бұлай көңіл бөлінбеп еді: қаржылай түрде, техникалық және моральдық тұрғыда қолдау көрсетілді. Бізге артылған сенімді ақтауға тырысамыз, себебі, біз бұған дейін үш мәрте ел чемпионы атандық, ҚР Суперкубогінің екі мәрте иегері болып, Азия біріншілігінде төртінші орыннан көріндік. Ендігі қатарға іліккен спортшыларды қолдауға және алдағы уақытта жақсы шәкірт тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған, – деді «Алтай» волейбол клубы директорының орынбасары Досжан Уалханов.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или