Кака Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін
Алматылық «Қайрат» футзал клубының жаңа бас бапкері Кака Қазақстан Ұлттық құрамасымен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады Beautiful Football<span> </span>блогы.
<span>«Қазақстан құрамасы әлемдегі үздік ұжымдардың бірі. Кез келген бапкер Қазақстан құрамасымен жұмыс істеуден бас тартпас еді. Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта Ұлттық құраманың тізгінін ұстап қалармын», - деді Кака таныстырылу рәсімінде</span>.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасының тізгінін осы уақытқа дейін Какау ұстап келген болатын. Бразилиялық маманның қол астында Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленген, Әлем біріншілігінде өнер көрсетті. Сондай-ақ, биыл Еуропа чемпионатына қатысып, төртінші орынға табан тіреді.