Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өзінің Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта матчының болмайтынына қарамастан, 5 мамырда рингке шығады, деп хабарлайды<span> Вaq.kz </span>ақпарат агенттігі.
- Мен Лас-Вегастағы «Синко де майо» стадионында өз титулымды қорғаймын. Жақында ресми хабарлама жасаймын,- деп жазды Головкин өзінің Twitter парақшасында.
Невада штатының Атлет комиссиясы «Канело» ісіне қатысты әлі шешім шығармағанына қарамастан, оның командасы 5 мамырдағы <span>реванштан</span> бас тартты. Бұл жекпе-жектің болмайтыны туралы ресми хабарлама да жасады.
Головкин MGM Grand Garden Arena-да емес, T-Mobile Arena-да рингке шығады. Онымен қарсылас болатындардың тізімінде Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес- (50-3-1, 32 КО), Гэри О’Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) бар. Бұлардан да мықтырақ қарсыластар - Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) және Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) бар болатын. Бірақ олармен жекпе-жек өтпейді.
<br /><br />