«Канело» Головкинмен реванштан бас тартты

«Канело» Головкинмен реванштан бас тартты

Кәсіпқой бокс спортының жанкүйерлері асыға күтіп жүрген реванштың тағдыры шешілген сыңайлы, деп жазады 24.kz.

Сауль Альварес отандасымыз Геннадий Головкинмен 5 мамырда өткізуі тиіс болған қарымта жекпе-жектен бас тартты.

Бұл туралы Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес Лос-Анджелесте баспасөз конференциясында ресми түрде мәлімдеді.

Мексикалық боксшы 18 сәуірде өтетін Невада штаты атлетикалық комиссиясының отырысына қарамастан реваншқа қатыспайтын болыпты. Мұның құпиясы – комиссияның Альваресті ақтап шығуы екіталай мәселе.

Сондай-ақ Гоместің мәлімдеуінше, Головкин-Альварес реваншы тамыз немесе қыркүйекте мүмкін екен. Бірақ бұл тек «Канело» бір жылдық дисквалификацияға ұшырамаған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, GGG-мен қарымтаға шығу немесе шықпауы туралы мәселе Альварес ақпан айында допинг-сынақтан өтпей қалған кезде басталған еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или