Қазақстан құрамасының ойыншысы сынған аяғымен ойнаған
Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Альберт Акбаликов Словенияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі Ресейге қарсы ойынды жарақатымен ойнаған, деп хабарлайды prosports.kz.
Ойын барысында жарақат алған Акбаликов ойынды соңына дейін өткізген.
Кездесу аяқталған соң ренгенге түскен шабуылшының оң аяғының сынғаны белгілі болды.
Осылайша Қазақстан құрамасының шабуылшысы жеңіске деген құштарлығының арқасында нағыз ерліктің үлгісін көрсете алды. Аяғының сынғанына қарамастан бапкерден өзін ауыстыруды сұрамаған. Соңына дейін шыдап біздің құрама үшін аса маңызды болған тең нәтижеге өз үлесін қосты. Бұл тең ойын біздің құрамаға топтан бірінші орынмен шығу үшін қажет еді.
Енді ширек финалда Қазақстан құрамасы Сербиямен кездесетін болады. Ойын бүгін Астана уақытымен <span>23:00 басталады. Кездесуді біздің сайттан көре аласыздар. </span>