Үздік бүркітшіге автокөлік беріледі

Үздік бүркітшіге автокөлік беріледі

Бұл жөнінде бүгін Көкшетауда өткен баспасөз конференциясында туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

9 желтоқсан күні Бурабайда Тәуелсіздік күніне орай және бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді. Турнирдің бас төрешісі - Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Марат Қойшин.

Атап өту керек, бұл құсбегіліктен өңірде халықаралық деңгейде өткізіліп тұрған алғашқы турнир. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5 мемлекеттен 50-ден астам үміткерлер жиналады деп күтілуде. Ал, қатысушылардың саны 500-1000 адамды құрауы мүмкін.

Ш.Батырханов өзінің сөзінде облыс әкімі Мәлік Мырзалинге қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, бас жүлдеге автокөлік тігілетінін атады.

Қазақстан Республикасының «Құсбегілік» бойынша бас бапкері Күнтуған Базарбек құсбегілік өнерінің 10 облыс пен 1 қалада қолға алынғандығын айтып өтті.

Сондай-ақ, ұлттық ойындар ассоциациясы қолдау көрсетіп, 2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или