Қазақстанның үздік атлеттері Азия чемпионатына қатысады

Қазақстанның үздік атлеттері Азия чемпионатына қатысады

Жеңіл атлетикадан 2018 жылдың алғашқы екі айында өтетін жарыстардың күнтізбесі шықты, деп хабарлайды  ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Аталған айлардағы ең басты дода ақпан айының басында Иран астанасы Тегеран қаласында жалауын көтереді. Қазақстанның үздік атлеттері жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысады.

Қаңтар-ақпан айындағы күнтізбе төмендегідей:

4-5 қаңтар, Қарағанды. 2001-2002 жылы туған спортшылар арасындағы республикалық матчтық кездесу;

10-11 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (бірінші кезең);

15-17 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты;

20 қаңтар, Өскемен. Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир;

1-3ақпан, Тегеран (Иран). Жабық кешендегі Азия чемпионаты;

8-9 ақпан, Қарағанды. Яуда Мұсағалиевті еске түсіруге арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир;

16-17ақпан, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (екінші кезең);

18 ақпан, Аделайде, (Аустралия). IAAF RACE WALK CHALENGE (шақырту бойынша);

19-20 ақпан, Өскемен. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты;

22-23 ақпан, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы (үшінші кезең) және көпсайыстан Қазақстан чемпионаты;

25-26 ақпан, Өскемен. 1999 - 2000 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или