Ашхабадта V Азия ойындары аяқталды. Қазақстан - төртінші орында
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өткен V Азия ойындары бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі аптаға созылған додада қазақстандық спортшылар 28 алтын, 28 күміс, 40 қола, барлығы 96 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Бас жүлдені жергілікті түрікмен спортшылары қанжығасына байлады. Олар жалпы саны 245 медаль жеңіп алды, оның 89-ы - алтын, 70 - күміс және 86 - қола. Екінші орынға Қытай спортшылары орналасты. Олардың еншісінде 42 алтын, 32 күміс, 23 қола, жалпы 97 медаль бар. Үшінші орынға 36 алтын, 23 күміс, 59 қола, барлығы 118 медальмен Иран құрамасы жайғасты. Қазір Ашхабадта V Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл додада ел намысын қорғауға Қазақстанның 150 спортшысы қатысты. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или