Князь қалауы. «Монако» клубы «қораға кірді» 

Князь қалауы. «Монако» клубы «қораға кірді» 

«Монако» клубының президенті, ресейлік миллиардер Дмитрий Рыболовлев сыбайлас <span>жемқорлық дау</span>-дамайға байланысты князьдік мемлекеттен жырақ кетуі мүмкін.

Journal du Dimanche басылымының хабарлауынша, монегаскілік кулбқа 300 миллион еуро салған миллиардер Монакода персона нон грата атанбақ.

2015 жылы швейцариялық арт-дилер Ив Бувье Дмитрий Рыболовлевке танымал суретшілердің 37 туындысын 2 миллиард еуроға сатып алып беруге көмектескен. Кейін ресейлік кәсіпкер швейцариялықты суреттердің 2% коммисиясын көтермелегені үшін айыптаған. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері Бувьені Рыболовтің үйінен құрықтап, қамауға алған.

Дереккөздің айтуынша, тергеу жұмыстары кезінде сот төрелігі Рыбаловлевтің қорғаушысы Татьяна Бершеданың ұялы телефонын тексеріп, кәсіпкердің  Монаконың әділет министрі Филипп Нарминомен сөйлескенін дәлелдеген. Сонымен қатар, Бувьені тұтқындар алдында министр мырза жолдасымен бірге Рыболовлевтің үйінде тамақ ішіп, Швейцария тауларында демалған. Ал 14 қыркүйекте Филипп Нармино өз еркімен министрлік қызметінен кеткен.

Рыболовлевтің айтуынша, бұл оқиға  «ойдан құралған». Бұл жайлы миллиардер Forbes бсылымына берген сұхбатында айтты. Ол өзінің «Монако» клубын жаңа жеңістерге жетелейтінін атап өтті.

Айта кетейік, соңғы жылдары Рыболовлев Forbes басылымның нұсқау бойынша Ресейдің топ-20 бай адамдарының қатарында жүр. Ал өткен маусымда «Монако» 17  жылдан кейін Франция чемпионатын ұтты.

<h5>Дереккөз: Journal du Dimanche</h5>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или