Джико Котойбиаву: Тайпей ұтса екен деп тіледім
Алматыда волейболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі өтуде. Бүгін жерлестеріміз топтағы басты қарсыласы Қытайлық Тайпей құрамасын тізе бүктіріп, жолдамаға қол жеткізді. Топтағы соңғы кездесу әлсіз Фиджи құрамасы болмақ. Осыған орай, Фиджи командасының көшбасшысы Джико Котойбиаву prosports.kz тілішсіне аз-кем сұхбат берді.
- Ертең біз Қазақстан құрамасына қарсы жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Сіздердің спортшыларыңыз бойшаң әрі мықты ойнайды. Не болса да барымызды салып, абыроймен өнер көрсетеміз.
- Бүгін Қазақстан мен Қытайлық Тайпей командалары арасындағы ойында сіздер тайпейліктере жанкүйер болғаныңыз сырттан көрінді. Оған себеп бар ма?
- Ия, негізі Тайпей ұтса екен деп тіледім. Ол менің Қазақстанды жек көруім емес. Сіздердің құрамаңыз жоғарыда айтқандай өте мықты және өз үйінде өнер көрсетуде. Оған қоса барлық жанкүйерлер Қазақстан! Қазақстан! деп айқалап қарсыластың еңсесін түсіргені байқалды. Соған жаным ашып, ұтылып жатқан ұжымға жанкүйерлік еттім.
-Жалпы Алматы қалай? Сізге ұнады ма?
-Алматы өте әдемі қала екен. Әсіресе, біз тұрақтаған Rixos қонақ үйі керемет әсер қалдырды. Кейде Алматыда көбірек қалсам ба деген ой туындайды. Халықтың қонақжайлығы да ұнады. Жарысты ұйымдастыру жағын атап өтпеу мүмкін емес. Жалпы барлығына көңілім толықтай толды.
- Сұхбатыңызға рахмет!