Kazakhstan Top Team Алматыға жеңіспен оралды

Kazakhstan Top Team Алматыға жеңіспен оралды

Ақтауда маусымның 8-і күні грепплингтен NFC Grappling Kazakhstanгран-при турнирінің  жалауы желбіреді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік   32 спортшы   жарыс жолына шықты.

Жарыстың қорытындысы бойынша, Kazakhstan Top Team командасының мүшелері Айдар Түлебаев жеңіс тұғырынан көрінсе, Омар Маннаров екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті Руслан Исраилов түйіндеді.

- Барлығы керемет өтті. Алғаш рет ашық аспанда, теңіз жағасында бәстестім. Біз барлық жүлделі орындарды жеңіп аламыз деп жоспарлаған едік, дегенімізге жеттік. Мен бес кездесу өткіздім, барлығы оңай берілген жоқ, алайда, дайындықтың арқасында жеңдім. Ең мықты қарсыластарым өз клубымның жігіттері ғана, біздің спортшылар барлығынан мықты. Джиу-джитсу және грепплинргпен 3 жылға жуық шұғылданамын. Ал жалпы спортта жастайымнан жүрмін, өйткені, мен үшін спорт – өмір мәні, - деп атап өтті чемпион Айдар Түлебаев.

- Турнир жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Әлбетте, спортшылар да мықты, өз қалаларының  үздіктері. Сондықтан, кездесулер оңайға соқпады. Бірақ біз барлығын ойсырата жеңіп, чемпион атандық. Күзде Арлан Грип Селекшен турнирі басталады, демалыстан соң дайындыққа кірісеміз, - деп бөлісті Руслан Исраилов.

Kazakhstan Top Team командасының басшысы Ядгар Касымов атап өткендей, спортшылар алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, жеңіске жетті.

- Рамадан айына байланысты, дайындық оңай берілген жоқ. Шыны керек, бір ғана жеңіске үміттенгенбіз, бірақ барлық жүлделі орындарды жеңгенімізге аса қуаныштымын. Қатысушылар мықты болды, әсіресе, Астанадан келген джитсерлердің тәжірибиесі мол, дайындықтары да жоғарғы деңгейде. Бірақ, біздің жігіттер олардан басым түсті, - деді Ядгар.

Айта кетер жайт, Kazakhstan Top Team командасының спортшылары Османжан Қасымов пен Сулейман Мұхаммед қыркүйек айында джиу-джитсу және грепплингтен (АДСС) Финляндияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или