Жандос Жиенбаев: Мақсатымыз болашақ волейбол жұлдыздарын тәрбиелеу
«Алматы» волейбол клубы келесі маусымға дайындығын бастады. Қазіргі уақытта, Алматының жас арулары Қапшағайда, «Иорданиди» спорт кешенінде жаттығып, аянбай еңбек етуде. Содан соң, олар алып шаһардың таулы бөктерінде дайындықтарын жалғастыратын болады. Бізге «Алматы» волейбол клубының басшысы Жандос Жиенбаев мырзамен әңгімелесудің сәті түсті.
- Жандос мырза, клуб жайлы айтып берсеңіз?
- Клуб 2008 жылы құрылған, ол кездері «ГКП әйелдер волейбол клубы» деп аталатын. Ал 2013 жылы «Алматы волейбол клубы» болып қайта құрылды. Ұлттық және жоғарғы лига ойыншыларының бірігуі, волейболдың қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Осындай шешімнен соң, қаржыландыру толық өтеліп, клуб жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Екі ұжым біріккелі бері, біз еліміздің үздік волейболшыларын қызықтыра бастадық. Олар Қазақстан құрамасының негізін қалады. Айта кетсек, ерлер командасы да осындай өзгерістерге ұшыраған. Нәтижесінде, волейболдан әйелдер ұжымы Қазақстан Кубогында күміспен күптелсе, ерлер командасы екі жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Осындай жетістіктерге Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігі қолдауының арқасында жеттік. Ерлер волейболы жайлы айта кететін жайт, олар осы күнде еліміздің жеті дүркін чемпионы. Менің ойымша, бұл КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Паршин,Гилязутдиновжәне Ткаченколардың еңбегіде елеусіз қалмақ емес. Атап өтсек, ерлер командасы ойыншыларының 70 % - ы мен әйелдер ұжымының 50% - ы мемлекеттік құрама командасының мүшелері болған.
Бүгінгі таңда, ерлер командасы басқа демеушілердің қол астында жұмыс атқарады. Ал біз «Алматы» әйелдер клубы атауымен екі әйелдер командаларын дамыту үшін аянбай еңбек етудеміз.
Командаларды ұзақ уақыт бойы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дьяченко А.И., және КСР-інің спорт шебері Перевертова Л.Н жаттықтырады.
Бүгінгі таңда, клубтың басты мақсаты Қазақстанда волейболды легионерлерсіз дамыту. Яғни, өз волейболшыларымызды өсіру, шеберліктерін арттыру. Әрине, легионерлер деген жақсы, біз қарсы емеспіз. Өйткені олар әлем деңгейіндегі үздік спортшылар. Шетелдік спортшылардың бізге ауысуы, жалпы ұжымға жақсы әсер етеді. Біздің қыздар олармен бірге жаттығып, тәжірибе жинайды. Алайда, біздің клуб легионерлерсіз, біз өз күшімізбен сенеміз.
- Өткен чемпионатта клубтың төртінші орынға орналасуы, осыдан болар?
- Әлбетте. Қазіргі таңда, клубтардың көбісі шетелдік ойыншыларын сонымен қатар, еліміздің үздік волейболшыларын өз қарамағына алмақ. Мәселен, «Алтай» мен «Жетісу»клубтарының құрамында мықты әуе доп арулары ойнайды. Оның ішінде біздің клуб тәрбиеленушілері де бар, Сана Анарқұлова және Инна Матвеева. Сондықтан бізге олармен жарысу қиынға соқты. Біздің клуб жас, бірақ дарынды, бірер жылдан соң еліміздің үздік спортшыларына айналады. Сондықтан біз аянбай еңбек етіп, жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысамыз.
- Команданың орташа жас шамасы қандай?
- Шамамен, 20-24 жас аралығында. Біздің клубтың үш волейболшысы Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетеді. Олар Людмила Исаева, Яна Петренко және Татьяна Фендрикова
- Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
- Келесі маусымға дайындықты бастап кеттік. Келесі маусым күзде басталып, көктемде аяқталады. Жазғы уақытта спортшылар демалып, тынығады. Қазір Қапшағайда, «Иорданиди» спорт кешенінде арулар шеберліктерін арттырып жатыр. Жалпы оқу-жаттығу жиынына жоғарғы және балалар лигасынан 30 ойыншылар қатысуда.Балалар лигасында шамамен 80 жеткіншек жаттығады. Бұл біздің клубтың болашақ құрамы, еңбекқор және дарынды қыздар.
- Балаларды осы спорт түріне қалай қызықтырасыз?
- Біз білім басқармасымен тығыз жұмыс жасаймыз. Білім басқармасының басшысы рұқсатымен қала мектептерінде волейбол секциясын жарнамалап, жеткіншектерді осы спорт түрімен а айналысуға шақырамыз. Олар демалыс кезінде волейболмен шұғылдана алады. Тілек білдірушілер әрі қарай жаттығуларын жалғастыра алады.
- Балалар арасында турнирлер өткізіледі ме?
- Әрине. Жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған16 ұжымтөрт кезеңде бақ сынайды.10-12 жастар аралығынан бастап оқушылар волейболға жазыла алады. Келесі жас ерешеліктері бойынша топтарға бөлінеді.
2000-2001 Жастарарасында
2002-2003 Жеткіншектер арасында
2004-2005 Балалар арасында
- Алдағы уақытта қандай жарыстар өткізіледі, жеңуге үміт бар ма?
- Қыркүйекте Қазақстан Кубогы өтсе, қазан айында волейболшы аруларымыз ел бірінішілігінде додаға түседі. Мен атап өткендей, легионерлерді қызықтырмай, өз күшімізбен бәстеспекпіз. Алайда, «Алтай», «Жетісу» және «Астана» командаларымен бақ сынасу қиынға соғады. Өйткені, біздің үздік ойыншыларымыз енді осы клубтардың қарамағында. Осыған қарамастан, бар күшімізді салып, жеңуге тырысамыз!