Fight Nights Global 65: Жұмағұлов – Асатрян

Fight Nights Global 65: Жұмағұлов – Асатрян

19 мамыр күні Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights компаниясының турнирі өтеді. FN Global 65 жарысының басты кездесуі жерлесіміз Жалғас Жұмағулов пен Вартан Асатрян арасында болмақ. Олар аса жеңіл (56 кг) салмақтың чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ресейлік Fight Nights компаниясы осындай турнирді елімізде бірінші рет ұйымдастыруда. Жарыс аясында үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Аталмыш файткардта тоғыз қазақстандық спортшы күш сынасады. 

684d00789b74035493c15c4383e6cece.jpg

Басты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы титулды жеңіп алып, Қазақстанға әкелуге тырысады. Отандасымыз осы жолы реванш алуды жоспарлап отыр. Осыған дейін 2015 жылдың қаңтарында Жалғас Alash Pride Royal Plaza Volume 2 турнирі аясында Асатряннан техникалық нокаутпен ұтылып қалған болатын. 

Жұмағұлов Fight Nights-ке берген сұхбатында алдағы кездесуде жерлестерінің қолдауына үміт артатынын айтты. 

«Титул үшін жекпе-жек - әр спортшы үшін маңызды оқиға. Біз осы үшін жаттығып, жұдырықтасамыз. Бұл менің титул үшін өткізетін алғашқы кездесуім. Асатрянға қарсы айқасқа барынша дайындалып жатырмын. Кештің басты жекпе-жегінде жерлестерімнің алдында сайысқа түсу - мен үшін үлкен құрмет. Олардың қолдауы маңызды!».

Қазақстандық өз мансабындағы ең маңызды кездесуді жеңілмеген Багаутиновты жеңгеннен кейін алды. Мамандар Багаутиновтың жеңісіне сенімді болған еді. Бірақ Жұмағұлов екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. 

Вартан Асатрян FN аясындағы алғашқы айқасында Микаэл Силандерді жеңген болатын. Содан кейін ол Эльнар Ибрагимовты техникалық нокаутпен қапы қалдырды. Қазірге дейін спортшы 12 рет қарсыластарынан басым түсіп, 5 рет жеңіліс тапқан.

Асатрян өз жеңісіне толықтай сенімді екенін жеткізген болатын.

«Жалғаспен жекпе-жекке дайындық кезінде орын ауыстырып, Дағыстанға кеттім. Жаттығу жоспар бойынша жүріп жатыр. Жүз пайызға барымды салудамын. Жалғас - жанжақты спортшы, физикалық жағынан әлсіз емес. Ол менен қауіптенсін. Неге екенін өзі біледі».

FN Global титулына үміткер болған Қуат Хамитов Жұмағұловтың жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтай алатынына сенімді.

«Жалғас осыған дейін Асатряннан жеңілген болатын. Бірақ одан бері Жұмағұлов спортшы ретінде өсті. Алғашқы кездесуде ол жас еді. Жалғас үлкен кездесулерге дайын. Ол Багаутиновты жеңді. Титулды жекпе-жекте физикалық қана емес психологиялық жағдай да рөл ойнайды. Жалғас ары кетсе үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетеді». 

19445664379710fac38573bea7f5da66.jpg

Сонымен қатар, бұл кеште қазақстандық Георгий Кичигин мен Гаджимурад Хиромагомедов кездесу өткізеді. Соңғы бес жекпе-жекте Кичигин бес рет жеңіске жеткен. Төртеуін уақытынан бұрын аяқтады. Қазақстандық 13 кездесуде 11 рет жеңіске жетті. Отандасымыз күрес айласы мен партердегі ауырту әдістерінде басым түсетіні анық. 

Хиромагомедов октогонда әзірге 6 кездесу өткізіп, оның бесеуін жеңіспен аяқтаған. Екеуінда кездесуді соңына дейін жеткізбеді. Ресейлік Кичигиннен бойы қысқалау. Хиромагомедов қашықтықты қысқартып, клинчте жұмыс істеуге тырысады. Ал Кичигин оны өзіне жақындатпауды жоспарлап отыр.

Жалғас Жумағұлов Астанадағы турнирге шақыратын видео жазды. Билеттер Ticketon.kz сайтында және «Меломан» мен «Билеты Астаны» дүкендерінде сатылады.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или