«Қайрат» - «Интер»: Финалға бергісіз матч
«Қайрат» АФК базасы. Какау кезекті ойын жоспарын дайындап жатыр. Барлығының көңіл күйі жақсы. Ешкім жаман хабар күтпеді. Сол мезетте бір ойыншы құлап түсіп, денесі құрыса бастады. Не болғанын ешкім түсінбеді. Эпилептикалық аурудың белгісі сияқты. Клуб дәрігері, ойыншылар мен бапкерлер оны қоршап алды. Паркетте Нето жатыр. Бразилиялық әлемнің ең үздік қорғаушыларының біріне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, есін жиғызды. Ол аяғына тұрып, командаластарына қарады. Не болғанын түсібейтін сияқты. Бірнеше секундтан кейін ол толыққанды есін жиды. Айналасындағылар оның бұл халіне қорқа қарады.
«Бәрі жақсы, жігіттер!» - деді Нето күліп. «Ұйқым қанбаған секілді».
Жедел жәрдем оны бірден алып кетті. Жақын арада оның ауруы жайлы бәрі естиді. Ал қазір жаңағы бір сәттік қорқыныш сезімі сейіліп бара жатқан секілді. Нето дәрігермен бірге толыққанды медициналық тексерістен өту үшін клиникаға кетті, ал команда жаттығуын жалғастырды.
«Сен Нето жайлы естідің бе?»
«Жоқ, не болды?»
«Ол жаттығу кезінде талып қалып, денесі құрысты»
«Ал кере болса! Ол эпилептик пе?»
«Жоқ. Ауруханада тексерістен өтті. Басында қатерлі ісік бар екен»
(клубтағы адам мен спорттық БАҚ өкілінің арасындағы әңгіме)
Бұны мен сайттағы жаңалықтардан естідім. Алғашқы ойым – бұл мүмкін емес! Адамдардың біреудің жеке қайғысын естігендегі алғашқы сөзі осы болса керек. Дәл осы жерде мен оны тіптен танымайтынымды еске түсірдім. Оның ойынын жүз рет көріп, сонша рет амандастым! Бірақ ешқашан жақын сөйлесіп көрмеппін. Қолтаңба алмадым да. Бұл істі кейінге қалдырып, көңілім қалаған кезде аламын деп ойладым. Енді қолтаңба аламын ба, жоқ па белгісіз. Оны қойшы, Нето қайта орала ма? Әлеуметтік желіден оған ота жасалып, өзін жақсы сезінетінін көрдім. Бірақ бұл ем-домның бірінші кезеңі ғана. Құдай оның ауруын жеңуге жазсын. Нето, бекем бол!
Бразилиялыққа бүкіл әлемде қолдау көрсетіліп жатыр. Ал Еременко кубогы «Қайрат» АФК Нетоны қолдау мақсатында шара ұйымдастырған болатын.
Мен клуб басшыларының айтарлықтай шешім қабылдамағанын, тек келісімшартқа сәйкес жалақысын төлеуді жалғастырып жатқанын естідім. Бұл құрметке лайық іс деп айтуға болады. Әсіресе қазіргі дағдарыс кезінде. Қазіргі күні денсаулығына байланысты ойнай алмайтындарды айтпағанда, көптеген қажетсіз спортшыларды шығарып тастап жатады. Өз қаражатына емделіп, қалпына келгендер жайлы айтпай-ақ қояйын. Қазір әңгіме бұл жайлы емес. Нетоның жағдайын білгенде клуб келісімшартты бұза алатын еді. Заң тарапынан бұл қалыпты құбылыс. Бірақ директорлар кеңесі бұлай жасауды қажет етпеді. Әрине қаржылық және спорттық жағынан ұтылуы мүмкін, бірақ ұстанымдары беріктей түсетіні анық. Бұл командадағы жанұлық саясаттың істе өзін көрсетуі. Клубтың әр мүшесі өзін үлкен жанұяның мүшесі ретінде сезініп, қолдау күте алады. Нето «Қайрат» АФК тарапынан жылу сезінгені анық. Осындай клуб пен ондағы адамдар жанкүйерлер тарапынан қолдау алуға лайық қой? Осындай клуб расымен халықтық команда атына лайық қой? Жыл санап клубтың үздік ойыншыларды шақырып, бүкіл футзал әлемінің назарын Қазақстанға аудартып, кәсіби футзалшылардың арқасында жергілікті ойыншылардың өсуіне септігін тигізіп жатқаны үшін сөгуге бола ма?
Меніңше футзал осылай дамуы тиіс. Баскетбол мен хоккей де. Әлде сіздер бұдан жақсы әдісті білесіздер ма? Ал әзірше мен тек клубтың сайтынан УЕФА кубогы, клубтық әлем Суперкубогы және басқа да толып жатқан халықаралық сыйлықтарды көріп тұрмын. Сонымен қатар, «Қайрат» АФК Академиясындағы жас бүлдіршіндердің фотоларын жиі көремін. Мен үшін бұл тарихы бай, мақсаты айқын, өзіндік дәстүрге ие клубтың шынымен үлкен жанұя екеніне дәлел десек болады. Нето өзінің УЕФА кубогы медалін алады деп үміттенемін және ол оған қосымша күш берері анық. Қазақстан УЕФА кубогын аңсаған кезде «Қайрат» АФК оны ұтып алды, тіпті екі мәрте. Ал енді үшінші кубокты одан да асыға күтеміз!
Алматылықтарға қарсылас ретінде «Интер» клубы келмек. Бұл өз кезегінде үлкен футболдағы «Реал» деуге болады. Олардың Криштиану Роналдулары да бар. Әлемнің үздік ойыншысы – Рикардиньо. Бұл өз кезегінде Марадона мен Мессиді өзіне сидырған ойыншы. Испания чемпионаты футзал ойынының тарихы деуге болады. Клубтың жылдық қаржы қоры 15 миллион евроға тең. Алматылықтардың жылдық қоры 2,5 миллион доллардай. Ал УЕФА кубогындағы жеңістерді салыстырсақ, арасы алыс емес. Испаниялықтар үш мәрте жеңіске жетсе, алматылық клуб екі рет кубокты жоғарыға көтерді. Алматылықтар «Интердің» рекордын қайталай алады. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Нетоның орнын толтыру қиын және испаниялықтар біз үшін ең қауіпті қарсылас саналады. Бірақ мамандар «Қайраттың» жеңісіне сенімсіздік білдірген кезде, УЕФА кубогын ұтқан болатын. Бұл «Динамо» мен «Барселонаға» қарсы ойындарда дәлелденген.
Дәстүр жалғасады деп үміттенемін. «Интер» фаворит болып, менің сүйікті командам жеңіске жетсін. Жанкүйерлік үміт үнемі асқан сенімділікпен айтылады. Ал егер бұл мәселеге сырттан қарасаң, мадридтік клубтың фаворит екені айқын. Нетодан айырылып қалғанымыз, бұл мәселені ушықтырғандай көрінеді. Өткен жылдың соңында командаға Дуглас Нуньес пен Кабреува келді. Дуглас Нуньес әлі өз шамасын көрсете алады. Доппен жақсы жұмыс істейді және өте епті ойыншы. Оның ойыны Какауға да байланысты. Ал Какау өз ісінің шебері екенін білеміз.
Нуньеске команда ойынындағы нақты рөл берілгенін білемін. Бәрін дұрыс орындаса, испаниялық команданың қорғаныс шебі біраз қиындыққа тап келейін деп тұр.
Кабреува. Оның командаға ұзақ бейімделуінің сыры неде екенін білмеймін. Бірақ ойыншы одан күткен ойынды көрсете алмауда. Клубта да оның алдағы Төрттік финалдағы ойынына қорқынышпен қарайтыны белгілі. Мүмкін ол дәл сол финалдық кезеңде жақсы ойын көрсететін шығар. Жаңа ойыншылар жайлы айттым. Енді өзін дәлелдеп үлгерген жігіттер жайлы айтсақ. Дуглас, Диваней, Сүлейменов және Игор - құрамда, Игита – клубтың өзіне сай тактикасының айырылмас бөлшегі.
Сол тактикадан кейін алматылықтар барлық мықты командаларды тақтан тайдыра алды. Алдымен қарсыластар жаңа тактиканы көргенде таңғалысын жасырмады, содан кейін құрметпен қарады, енді олар осыған қарсы айла табумен айналысуда. Бірақ көп жағдайда олардың қарымта тактикалары жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Алматыда, қазақстандық клубта әлем футзалындағы революция жасалғанын мақтан тұтамын. Ал отандық футзалдың сыншылары өз миссиясын әлі орындап жүр. 28-ші сәуір күні «Алматы-Аренада» қызықты шахмат партиясы болады деп ойлаймын. Игита, Дуглас, Диваней мен Сүлейменовтың Рикардиньо және компанияға қарсы тұрады. «Қайрат» - «Интер». УЕФА кубогының жартылай финалы. Бұл расында қызыққа толы тартысқа айналады. Егер жанкүйерлер келсе, «Қайрат» финалдың фавориті атанатыны сөзсіз.