Әйгілі ауыр атлет жаттығуына қайта кірісті
Допинг дауына ілінген қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жаттығу жұмыстарына қайта оралды.
Бүгін ұзақ уақыттан бері жасаған алғашқы үлкен жаттығуым болды. Соңғы рет нәтижеме көңілім толған кезім есімде жоқ. Бүгін тынбай еңбектеніп, өзімді бақытты сезініп отырмын! Today I did very good training! Жұлқа көтеру 150, серпе көтеру 170, - деп жазыпты Ильин өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт мәрте әлем чемпионы атағын алған Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында тыйым салынған дәрумендерді қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген еді. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или