Дәстүр Тұрсынхан: «Тарихи отанымда жүлде алсам – арманым жоқ»
Конькимен жүгіру спортынан Қытай құрамасының сапында Универсиадаға келген этникалық қазақ - Дәстүр Тұрсынхан prosports.kz тілшісіне жарыс жайлы пікір білдірді.
- Жарыс жолына кеше шықтың. Осыдан кейін қай қашықтықта сайысқа түсесің?
- Кеше 5000 м қашықтықта жарысқа түстік. Қар жауып, мұз айдынын білмегендіктен де жақсы нәтиже көрсете алмадым. Ертең 1500 метрге жарысқа шығамын.
- Жүлде алуға мүмкіндік бар ма?
- Мүмкіндік бар. Ертең, бұйырса, жүлделі боламын деп үміттенемін.
- Қытай құрамасына қалай іліндің?
- Қытай біріншіліктерінде 1-ші және 2-ші орындар алып жүрмін. Халықаралық ірі жарыстарға әлі қатыса қоймадым. Дегенмен, бір жылдан кейін Қытайдың ұлттық құрамасына кіруге мүмкінідік бар. Осы спортпен айналысатын басқа да қазақ жігіттері бар. Қытай құрамасына мен ғана алындым.
- Қазақстанға келгенде қандай әсерде болдың?
- Қазақстанға келгенде жақсы әсер алдым. Көңіл-күй өте керемет. Тарихи отаныма бірінші рет келуім. Осы елде алтын алсам - арманым жоқ.