Аршавиннің күміс медалі сатылымға қойылды
«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавин Қазақстан кубогы финалисі медалін марапаттау рәсімінен кейін лақтырып жіберді. Енді ол сатылымға шығарылды.
"Караванның" мәлімдеуінше, «Астана» командасынан жеңілгеннен кейін (0:1) Аршавин өзінің медалін трибунада отырған жанкүйерлердің біріне лақтырып жіберген.
Ресейлік футболшының жүлдесін студент Қайнар Ғаббасов ұстап алыпты. Жас жігіт тапқан олжасын сатылымға шығарды. Сөзіне қарағанда оның тауарына «Қайраттың» бірнеше фанаты ұсыныс тастап үлгерген. Ғаббасовтың өзі оралдық “Ақжайық” командасының жанкүйері.
Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сүйенсек, Аршавиннің медалі үшін студент 20 мың теңге сұрап отыр (шамамен 3800 рубль).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или